Техникалық және кәсіптік білім саласында сыбайлас жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ!

Техникалық және кәсіптік білім саласында сыбайлас жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ!
2018 жылғы 5 қазан күні сағат 12.00 – де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент политехникалық колледжімен бірлесе «Техникалық және кәсіптік білім саласында сыбайлас жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ!» атты студенттік акциясы өтті.
Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, білімді және жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Акцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.С.Альжанова, «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.К.Есимова, Шымкент политехникалық колледжінің басшылары, белсенді студенттер мен І курс студенттері қатысты.
Іс-шара аясында колледж студенттері құқықтық сана – сезімдерін дамыту мақсатында ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ! » атты флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар, колледж мәжіліс залында барлық І курс студенттеріне келген қонақтар Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын толықтай жеткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы өз ойларымен бөлісті.
Барлық қатысушылардың пікірлері оң әсерлі болды, бұл олардың сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік танытуға дайындығын және ниет білдіретінін дәлелдейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *