Февраль 22, 2017

Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу

Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

            Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 6-қосымша

           

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;

3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған, жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмелері;

5) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-га көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.

Мемлекеттік электрөндық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға бөлатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

1) ХҚО-га – мыналар:

құжаттың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.


 

 

 

 1-қосымша             

  «Техникалық байқау операторларының
 тізіліміне енгізу» мемлекеттік  
 көрсетілетін қызмет стандартына 

 

__________________ облысы (қаласы) бойынша аумақтық көліктік бақылау
органының басшысына

   Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуге Өтініш

Сізді

______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

_______________________________________________ мекенжайы бойынша (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)

механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті
техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізуіңізді сұраймын.

Техникалық байқаудың стационарлық желісінің ____ бірлігі және техникалық, байқаудың мобильді желісінің бірлігі бар.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________
____________________________________________________________________
Қолы       (жеке тұлғаның Т.А.Ә, немесе заңды тұлғаның атауы)

М.О.

20___жылғы «__» ________


 

 2-қосымша       

  «Техникалық байқау операторларының
 тізіліміне енгізу» мемлекеттік  
 көрсетілетін қызмет стандартына 
     

  

Сынау жабдықтары және өлшеу құралдары туралы ақпарат

  1. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын сынау жабдықтары (бұдан әрі – СЖ)
Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер) СЖ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыттық немесе түгендеу нөмірі Негізгі техникалық сипаттамалар Пайдалануға енгізу жылы СЖ аттестаттау бойынша құжаттың күні мен нөмірі, кезеңділігі
1 2 3 4 5
  1. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын өлшеу құралдары (бұдан әрі – ӨҚ)
Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер) ӨҚ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыт немесе түгендеу нөмірі Негізгі метрологиялық сипаттамалар Пайдалануға енгізу жылы Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификатының (куәлік) күні мен нөмірі, кезеңділігі
1 2 3 4 5

 

 

3-қосымша             

«Техникалық байқау операторларының
 тізіліміне енгізу» мемлекеттік  
 көрсетілетін қызмет стандартына 

нысан

________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

  

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ____ бөлімі ____________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын (мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап
айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:
1.___________________________________________________________;
2.___________________________________________________________;
3.___________________________________________________________;
4.___________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. ______________                  _______________
(ХҚО қызметкері)                     (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә. _______________    Телефон: _______________

Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы «__» ________