Февраль 25, 2017

Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру

“Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе “Акцизделетін өнімнің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы мен өндірісін бақылау” ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Акциз АЖ) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

қағаз түрінде өтініш және құжаттар келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші темекі өнімдеріне акциздік таңбалар (бұдан әрі – акциздік таңба) және жүкқұжат беруді жүргізеді;

көрсетілетін қызметті алушылар табыс еткен алдағы жылға арналған өтінімдер күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде Акциз АЖ арқылы келісіледі;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Акциз АЖ арқылы акциздік таңбаларды жасау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтінімдер – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;

2) акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын негізде (темекі өнімдерін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушылар өтінім беру кезінде) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі;

3) Акциз АЖ арқылы және қағаз түріндегі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес акциздік таңбаларды алуға өтініштің тұпнұсқасы;

4) көрсетілетін қызметті алушының қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының қызметкерінің атына ЕБТ алуға берілген сенімхат;

5) акциздік таңбаларды алуға төлемді растайтын төлем құжаты.

Темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған көрсетілетін қызметті алушылар акциздік таңбаларды жасау үшін акциздік таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге Акциз АЖ арқылы табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын берілген өтінімдерде акциздік таңбалардың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулары бар өтінімдерін таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.

Акциздік таңбаларды жасап шығарғаны үшін есеп айырысулар жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен акциздік таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын темекі өніміне көрсетілетін қызметті алушыға акциздік таңбалар берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің материалдық жауапты адамы екі тарап қол қоятын екі данада жүкқұжат жазып береді. Жүкқұжаттың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіде қалады.

Көрсетілетін қызмет алушыларға Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын темекі өніміне акциздік таңбаларды берген кезде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші дана көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі (екінші дана – Кеден органына табыс ету үшін), үшінші дана көрсетілетін қызметті берушіде қалады.

Акциз АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйенің журналында өтінімнің қабылдағаны туралы хабарлама алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.


 

1-қосымша

“Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

_____________________________________

(салық органының атауы)

_____________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

_____________________________________

алушының атауы, БСН/ЖСН

 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне

арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне

арналған акциздік таңбаларды дайындауға

өтінім

 

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)

мың дана

қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желто қсан жылына барлығы Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз “парақтық” немесе “қиылған”)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

 

Басшы _________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер__________________________________________

(Т.А.Ә.)

М.О.


 

2-қосымша

“Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 
(салық органының атауы)      __________________________________

___________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

___________________________________

алушының атауы, БСН/ЖСН

 

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне

арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне

арналған акциздік таңбаларды дайындауға

өтінім

 

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)

мың дана

қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр мау сым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқ сан жылына барлығы Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағына импортталған темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз, “парақтық” немесе “қиылған”)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

 

Басшы _________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер__________________________________________

(Т.А.Ә.)

М.О.


 

3-қосымша

“Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

(салық органының атауы)      __________________________________

___________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

 

Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға

өтініш

_______________________________________________________________

(алушының атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН-і)

“____” саны _____________________________________________ данада

(жазбаша)

есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.

Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбаларын сатып алуға ақша

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(сомасы жазбаша)

сомасында 20_____жылғы “____”_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді

Акцизді төлеу үшін ақша _____________________________________________

(сомасы жазбаша)

сомасында 20_____жылғы “____”_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді

Басшы__________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер__________________________________________________

(Т.А.Ә.)