Февраль 25, 2017

Тауарларды кедендік тазарту

“Тауарларды кедендік тазарту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары және кедендер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) құжаттармен қабылдау, мәліметтер мәлімделген құжаттары бар ТД-ны оның негізіңде, және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырылады

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

ТД толтырылған сәттен бастап және құжаттарды тапсырған көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызмет берушіге:

Бұл ретте, жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін және кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға байланысты тауарлардың шығаруын көрсетілетін қызметті беруші мынадай мерзімде жүргізеді:

1) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде:

тауарлардың 1–ден 10–ға дейінгі атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының алты сағатынан кешіктірмей;

тауарлардың 11–ден 50–ге дейінгі атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он сағатынан кешіктірмей;

тауарлардың 51–ден және одан жоғары атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он екі сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он алты сағатынан кешіктірмей;

2) тауарларды экспорт, уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырған кезінде:

ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

3) тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде:

ТД тіркеген аумақтық мемлекеттік кірістер органына тауарларды ұсыну сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеген уәкілетті лауазымды адамға тауарларды ұсыну сәтінен бастап жұмыс уақытының он алты сағатынан кешіктірмей;

4) тауарларды толық кедендік декларацияламау кезінде:

толық емес ТД-ны тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей. Көрсетілген мерзім олардың сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша тауарлардың сәйкестендіруін жүргізу үшін қажетті уақытты қосады;

толық ТД-ны тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

5) тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау кезінде:

мерзімдік ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – мерзімдік ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

6) тауарларды уақытша кедендік декларациялау кезінде:

уақытша/толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – уақытша ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;

7) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде:

жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар құрамдастарының әрбір жеке жеткізілуіне арналған ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар құрамдастарының әрбір жеке жеткізілуіне арналған ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;

толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей.

Тауарларды шығару мерзімдері көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған декларация тіркелген күнінен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауы мүмкін.

Егер зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері ұстайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде көрсетілетін қызметті беруші зияткерлік меншік құқықтарының бұзушылық белгілерін анықтаса, мұндай тауарларды шығару 10 (он) жұмыс күн мерзіміне тоқтатыла тұрады.

Құқық иеленушінің немесе оның мүддесін білдіретін адамның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бұл мерзімді, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартуы мүмкін.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ТД, ТД электрондық көшірмесі және олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттар.

мұндай құжаттарға:

1) шот-фактура (инвойс), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжат;

2) пайдаланылатын көліктің түріне байланысты көліктік (тасымалдау) құжат жатады.

Қажет болған кезде, жоғарыда көрсетілген құжаттарға мына құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында көзделген жағдайда валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда тыйым салулар мен шектеулердің, сондай–ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдануға байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;

3) егер тауарлар мұндай қамтамасыз етуді ұсыну шартымен шығарылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар;

4) Кодексте, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, кедендік рәсімдерге сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатуды растайтын құжаттар табыс етіледі.

Егер кедендік декларацияны толтыру үшін негізге алынған жекелеген құжаттар кедендік декларацияны беру кезінде табыс етіле алмайтын болса, дәлелді өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші мұндай құжаттарды тауарлар шығарылғанға дейін табыс етуге рұқсат етеді.

Егер жекелеген құжаттар дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етіле алмайтын болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші, егер құжат тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті болып табылмаса, кейін құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде, бірақ оларды кедендік декларация тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бере отырып, олардың көшірмелерін беруге рұқсат етеді. Услугополучатель құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етпегені не құжаттардың бұрын берілген көшірмелерінде мәліметтерді дұрыс мәлімдемегені үшін жауапты болады.

Тауарларды кедендік декларациялау кезінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен табыс етіледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде көрсетілетін қызметті берушіге кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар бұрын табыс етілсе, мұндай құжаттардың көшірмелерін табыс ету не көрсетілетін қызметті берушіге мұндай құжаттарды табыс ету туралы мәліметтерді көрсету жеткілікті.

Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттар Кодекске сәйкес электрондық құжаттар түрінде табыс етілуі мүмкін.

Тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес кедендік декларациялау кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай:

1) кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде – Кодекске сәйкес тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;

2) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі кезінде – қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;

3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде – тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат;

4) кері импорттың кедендік рәсімі кезінде – тауарларды әкету кезінде қабылданған кедендік декларация және тауарларды әкету кезінде оларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген күнді растайтын құжаттар;

5) ішкі тұтыну үшін бұрын кедендік шығару рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кері экспорттың кедендік рәсімі кезінде – мыналар:

тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу жағдайы (сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттарды негізге ала отырып);

сыртқы экономикалық мәміленің шарттарын орындамау;

осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;

осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтер бар құжаттар;

6) жою кедендік рәсімі кезінде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тауарларды жою мүмкіндігі туралы қорытындысы;

7) еркін кедендік аймақ және еркін қойма кедендік рәсімдері кезінде – Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес құжаттар табыс етіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

1) Көрсетілетін қызмет беруші қажетті жазуды енгізу түрімен тауарды шығарудан бас тартады және кедендік декларациясына мөр басымымен, немесе кедендік декларацияларға қажетті құжаттарды қолданылуымен, бас тарту үшін болған барлық себептерді, және келесі жағдайларда оларды жою жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырады;

2) тауарларды Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтамаған;

3) тауарларға қатысты кедендiк баждар, салықтар төленбеген, не Кодекске сәйкес олардың төленуін қамтамасыз еткен жағдайларда, тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіздеме болған барлық себептерін және оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсетумен жазбаша нысанда тауарларды шығарудан бас тартады.