Февраль 25, 2017

Тауарларды кедендік тазарту және электрондық құжат түрінде

“Тауарларды кедендік тазарту және электрондық құжат түрінде
тауарларға арналған декларацияларды пайдалана отырып шығару”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Электронды құжаттар түрінде тауарларға арналған декларацияны қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші:

1) www.cabinet.salyk.kz “электрондық декларациялау” ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйесі) арқылы;

2) “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб–порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық құжаттарды (бұдан әрі – ЭҚ) тапсырған сәттен бастап тауарларды шығаруды көрсетілетін қызметті беруші, егер “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған

декларацияны ЭҚ түрінде тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс;

2) тауарларды экспорт, уақытша шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде:

ЭҚ тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;

тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ЭҚ тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;

2) тауарларды шығару мерзімдері көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының не оны алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау (оның ішінде, тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес) үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ЭҚ тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен асыруға болмайды;

3) көрсетілетін қызметті беруші ЭҚ тіркеу үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағат.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы портал және ақпараттық жүйе арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының дербес шотында кедендік төлемдер мен салықтардың төленгенін растайтын ақша қаражатының қажетті мөлшерінің болуы қажет.

Егер тәуекелдерді басқаруды бақылаудың ақпараттық жүйесі тәуекелдерді алдын алу және азайту бойынша шараларды қабылдау жөнінде ұсынымдарды берген жағдайда, электрондық түрде құжаттарды ұсыну қажет.

Егер тәуекелдерді басқаруды бақылаудың ақпараттық жүйесі алдын алу және азайту бойынша шараларды қабылдау жөнінде ұсынымдарды берген жағдайда, қосымша құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының сұрау салуы бойынша электрондық түрде ақпараттық жүйе құралдары бойынша беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезінде – көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.