Февраль 25, 2017

Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер

“Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер
қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берукөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 20 (жиырма) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) тауарды біртекті сыныптауға мүмкіндік беретін толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауардың негізгі техникалық, коммерциялық суреттемесі бар тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімді қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымдарды төлегені туралы растау құжат.

Қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауардың сынамалары мен үлгілері және осы алдын ала шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған басқа құжаттар ұсынылады.

Алдын ала шешім тауардың белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір атауына қабылданады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жазбаша хабардар етілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етілуі тиіс.

Қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4–тармағының 1) тармақшасындағы мерзім тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер бар соңғы құжат алынған күннен бастап қайта жаңартылады.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.