Февраль 25, 2017

Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде

“Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде
белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу
көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы
шешімді беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш, ол еркін нысанда толтырылады және онда:

нотариат куәландырған сыртқы сауда шарты (келісімшарт);

көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет;

тауар туралы мәлімет (атауы, тауардың құрамдас бөліктерінің тізбесі);

тауарды жеткізу мерзімі;

тауар орналастырылатын кедендік рәсім;

тауарды декларациялау жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органының атауы қамтылуы тиіс;

2) оның негізінде құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданатын құжаттар (жұмыс істеу принципі мен функцияларын көрсете отырып, тауардың және оның құрамдас бөліктерінің техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның құрамдас бөліктері жасалған материалдардың сипаттамасы, жинақтау сызбалары, схемалары, мүмкін болған кезде фотосуреттер, өндірушілердің каталогтары, бейнематериал, тауардың егжей-тегжейлі ерекшелігі).

Өтініш тауардың бірінші партиясын кедендік декларациялау үшін ұсынғанға дейін беріледі.

Егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мен мәліметтер құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабардар етеді.

Қосымша ақпарат көрсетілетін қызметті алушы жазбаша хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.

Қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4–тармағының 1) тармақшасындағы мерзім тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер бар соңғы құжат алынған күннен бастап қайта жаңартылады.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.