Февраль 25, 2017

«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
өнім негізге алынып дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер) көшірмелері;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген тамақ өнімдері сынамаларының санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне зерттеу (сынақ) хаттамалары;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
сұрау салуға қоса тіркелетін өнім негізге алынып дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер) электрондық көшірмелері;
сұрау салуға қоса тіркелетін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген тамақ өнімдері сынамаларының санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне зерттеу (сынау) хаттамаларының электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күнін көрсетіп отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.


 

Қосымша        

«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін
және оны сақтау шарттарын келісу туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына            
қосымша    

нысан

_______________________________
басшысының Т.А.Ә.
_______________________________
мемлекеттік органның атауы
_______________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
_______________________________
ЖСН/БСН
_______________________________
жеке немесе заңды тұлғаның атауы,
мекенжайы
_______________________________
байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, көше, үй, пәтер)
мекенжайы бойынша орналасқан ________________________________________
(өндіріс объектісінің атауы)
дайындаған (өндірген) _______________________________________________
(тамақ өнімінің атауы)
тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және сақтау шарттарын келісу туралы санитарилық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

Қолы
күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.