Февраль 25, 2017

«Табиғи монополия субъектiсiне өзге де қызметтi жүзеге асыруға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11019 тіркелді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №245 бұйрығына  6-қосымша

 

«Табиғи монополия субъектiсiне өзге де қызметтi жүзеге асыруға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

           

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

           

Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариус растаған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру үшін реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты; өзге қызметтен алынған табыстар күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушының барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда; табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар мен ақпарат (мәліметтер) ұсынады:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011019#z115) сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;

қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішхатқа берілген анықтама – негіздемені;

бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептілік, ағымдағы жыл ішіндегі көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы туралы мәліметтер, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет түрлері бөлінісіндегі кірістер мен шығыстары туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтерді;

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін тауарлардан, жұмыстардан), оның ішінде өзге қызметтен алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебін;

өтінішхатта көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы ақпаратты;

өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 3-тармағында көрсетілген қызметтерді алушыларды қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесін;

2) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты;

қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиіс өтінішхатқа берілген анықтама-негіздемені;

жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;

табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспайтынын растайтын бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептілікті;

өзінің қызметін кемінде бір жылда жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесін ұсынады.

Өтінішхатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) өтінішхаттың қабылданғанын растау болып табылады.

порталда:

1) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру үшін реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты;

өзге қызметтен алынған табыстар күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушының барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда;

табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;

қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиіс өтінішхатқа анықтама – негіздеменің электрондық көшірмесін;

бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептіліктің, ағымдағы жыл ішіндегі көрсетілетін қызметті алушының қаржылық ахуалы туралы мәліметтерді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет түрлері бөлінісіндегі кірістер мен шығыстары туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің электрондық көшірмесін (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтерді;

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін тауарлардан, жұмыстардан), оның ішінде өзге қызметтен алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебінің электрондық көшірмесін;

өтінішхатта көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;

өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметтерді алушыларды қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның электрондық көшірмесін;

2) өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаттың электрондық көшірмесін;

қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиіс өтінішхатқа берілген анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесін;

жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды кірістер мен шығыстар және көрсетілетін қызметті алушының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін;

табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспайтынын растайтын бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесін;

өзінің қызметін кемінде бір жылда жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның электрондық көшірмесін ұсынады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

 


 

Қосымша         

«Табиғи монополия субъектiсiне
өзге де қызметтi жүзеге асыруға
 келісім беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
 қосымша         

Нысан

___________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
___________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
мекенжай __________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ____________
(БИН, ЖСН)

_____________________________________________________________________
(мәліме нысаны)

-алуға, көрсетілетін қызметті берушінің келісімін алу туралы
өтінішхат

  1. Негіздеме:
Қызметтің сипаты және негізгі сипаттамалары Экономикалық орындылықтың есебі
   

(көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асыруға өтінішхат беретін
қызметтің экономикалық тиімділігінің есебі көрсетілген сипаты
және негізгі сипаттамалары)

Негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі Негізгі құралдарының құрамы Ннегізгі құралдарының мақсаты
     

(өзге қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің болуын растайтын
негізгі құралдардың, жабдықтың тізбесі, көрсетілетін қызметті
алушының негізгі құралдарының құрамы және мақсаты)

Өзге қызметті жүзеге асыру көрсетілетін қызметті алушының
қызметтері үшін тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтерілуіне
әкелмейтіндігін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына
әкелмейтіндігін растайтын есеп ______________________________________

Көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін
қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін жалпы кіріс _________

Өзге қызметтен түсетін жалпы кіріс ____________________________

Көрсетілетін қызметті алушының өзге қызметті жүзеге асыру
кезіндегі болжанып отырған географиялық шекараларының өзгеруі туралы
ақпарат ____________________________________________________________.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20____ж «___»_____________ (қолы).