Февраль 22, 2017

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74 бұйрығы).

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілген қызметті берушіге құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, бұл «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға жатпайды;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттарды жібереді.


 

1-қосымша         

«Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

                     АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
                             N 00000

                   Осы аккредиттеу туралы куәлік

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________,
(мекенжайы)

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына

                          АККРЕДИТТЕЛДІ

және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді.

«__»_______20__ж кешіктірмей расталуға тиіс

Көрсетілетін қызметті
берушінің басшысы ______ ____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

М.О.

қала ___________                              20__ж. «__» ___________


 

2-қосымша 

«Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

                             ӨТІНІШ

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы____________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пункттер, учаскелер) _________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)

Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қосымша: _____парақ.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар деректері болып
табылатыны және оларға аккредиттеу туралы куәлік беру не беруден бас
тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға соттың тыйым
салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және
жарамды болып табылатыны;
өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлік берген кезде
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол
жетімділігі шектеулі жеке деректердің пайдаланылуына келісетіні
расталады;
Басшы _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-бар болған жағдайда)

МО                            Толтырылған күні 20__ж. «_» ___________


 

3-қосымша        

«Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
   басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге қойылатын рұқсат
                        беру талаптары

Р/с
Рұқсат беру талаптары Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1. мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
3) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
2. мынадай маманданулар бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
2) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес
3. мынадай маманданулар бойынша жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын сараптау бойынша кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструктивтік бөлік;
5) инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлік (объектінің мақсатына байланысты);
7) жобаның арнайы бөлімдері.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
4. меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
5. Материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

 

4-қосымша    

«Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан

                        Мәліметтер нысаны

1) Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
2) Лауазымы ___________________________________________________
3) Осы ұйымда ___________________________________ жұмыс істейді
(тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
(мамандығы бойынша және лауазымда көрсету)
5) Оқу орнының атауы __________________________________________
6) Бітірген жылы ______________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
9) сарапшы аттестатының болуы _________________________________
(нөмірі мен берілген күнін көрсету)

          Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер

10) Мекенжайы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
11) Алаңы______________________________________________________
12) Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын
құжаттардың атауы және деректемелері_________________________________
_____________________________________________________________________

   Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі______________________________________________
15) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
17) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________