СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗДАР! ЖАУАП БЕРЕМІЗ

Қоғаммен кері байланысты орнату мақсатында ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні сағат 17:00-18:00 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жұмабаев Ерғали Тілесбайұлы Департаменттің memkyzmet.kz сайтында және facebook.com әлеуметтік желідегі департамент парақшасында интернет-конференция өткізеді.

Егерде, Сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе осы салаға қатысты қандай да бір ұсыныстар мен пікірлеріңіз болса жоғарыда аталған сайтқа немесе facebook.com әлеуметтік желідегі департамент парақшасына қалдыруларыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз Біз үшін маңызды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда өз үлесіңізді қосыңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *