“Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі” тақырыбында ұжыммен кездесу

Аталған тақырыпта ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі қалалық әділет департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау ұсынымдарын орындау шеңберінде кездесті.

Осы тұрғыдағы кездесулердің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы                  іс-қимыл туралы заңнама ережелерін түсіндіру, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету.

Іс-шараны Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы С.Нұрымбетова ашып берді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады» – деп атап өтті Салтанат Мұсабекқызы.

Сонымен қатар, Департаменттің бас маманы А. Колосков сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныстардың жедел орындалуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына байланысты жағдайлар мен себептерді жоюға және азайтуға алып келетіндігін жеткізді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу тәсілдері мен осы тәсілдердің тәжірибеде жүзеге асырылуы,  сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйі жөніндегі шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі кең ауқымды мәселелер қаралды.

Кездесу соңында әділет органдары саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша міндеттер белгіленіп, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінде ашықтық, объективтілік, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілердің болмауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *