Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ төтенше жағдайлар департаментінде дөңгелек үстел өткізді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері, атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, «НұрОтан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалының сектор меңгерушісі Н.Тағаев, Шымкент қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімінің инспекторы полиция капитаны М.Омаров қатысты.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру болып табылады.

Мобильді топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау бағытында мемлекет тарапынан атқарылып отырған жұмыстармен таныстырып, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жол бермеу жолдарын талқыға салды.

Кездесу соңында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *