СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас мамандары Ғ.Жүндібаев, А.Қапалбаева, Г.Төлегенқызы, аудандық наиб имам Е.Полатов, «Нұр Отан» партиясы, БАҚ өкілдерінен құралған топ мүшелері «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен  Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Іс-шара барысында азаматтарға ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормалары түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аудандық әкім аппараты мен бағынысты мекемелердің, ХҚКО-ң, кәсіпкерлерге қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарының, ІІБ, спорт мектебі мен балабақша, әділет, мемлекеттік кірістер басқармаларының ұжымымен және кәсіпкерлермен, сонымен қатар, Тұрбат, Шарбұлақ ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында балабақша ұжымы тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, көтерілген мәселелер Департаменттің назарына алынды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болғанда қайда хабарласу керектігі түсіндірілді. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында «WhatsApp», телеграмм нөмірлері ( +7 775 869 21 21) мен memkyzmet.kz сайты жұмыс жасайтындығы хабарланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *