СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОН АЯСЫНДА ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

«Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Төлеби ауданында велошеру өтті. Велошеруге 100-ге жуық адам қатысып, велошеру жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Марафонды өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Айта кетейік,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон облысымызда барлық аудан, қалаларды қамти отырып тұңғыш рет өткізілуде. Марафонда мемлекеттік орган қызметшілермен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері белсенділік танытуда.

Қазіргі таңға марафонды Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандары өткізіп, эстафетаны Ордабасы ауданы алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *