Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мектеп ұжымы мен ата-аналардың қатысуымен кезекті кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, іс-шарада қалалық мәслихат депутаты, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Е.Дарменов қатысты.

«Қоғамдық бақылау картасын» жүзеге асыру аясында, қоғаммен кері байланысты орнатуда тиімді алаңға айналған+7 702 201 51 51 WhatsApp нөміріне келіп түскен арыз  – кездесуге бірден-бір себеп болды.

Осылайша, Әли Амантайұлы мектеп тарапынан  ата-аналар мен оқушыларға қатысты заңсыз фактілер туралы хабарламалар шұғыл түрде қаралып, осы жағдайлардың қайталанбауы үшін қатаң шаралар қабылданатындығын жеткізді.

Кездесу барысында, Әли Амантайұлы  ұлттың болашағы – балаларды тәрбиелеуде ең басты рөлдердің бірі ата-аналардың тәрбиесі болып табылатындығын хабарлап, адалдық, қайырымдылық, қоршаған ортаға құрмет және білімге құштарлықты балаларға кішкентайынан бойына сіңіру қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде, ата-аналар Агенттіктің дер кездегі бастамаларын қолдап, талқыланған тақырыпқа жауапты түрде қарап, жеке адамның сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау туралы азаматтық ұстанымын қолдайтындығын білдірді

Іс-шара соңында еріктілер сыбайлас жемқорлық көріністері, лауазымды тұлғалардың әдепсіз қылықтары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша Департаменттің +7 702 201 51 51 WhatsApp нөмірі мен  memkyzmet.kz сайты көрсетілген арнайы жадынамалар таратты.

Айта кету керек, 11 қазан күні Департамент басшысы Ә.Көмекбаев пен қалалық мәслихат депутаты Е.Дәрменов жоғарыда көрсетілген мектептің ұжымымен кездесу өткізген болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *