СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 13 шілде күні Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінде семинар өтті.

Семинардың тақырыбы Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетін жүзеге асырылу барысына негізделген.

Іс-шарада алғаш болып Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі С.Шойманов сөз алды.

Ол бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барлық қоғамның ортақ ісіне айналуы тиіс. Осы бағытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түрлі форматтағы іс-шараларды барлық мақсатты топтармен бірлесе жүзеге асырып, елімізде сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне елеулі жұмыстар атқаруда» – деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы. Сондай-ақ, ол Агенттік тарапынан қолға алынған жаңа жобалармен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *