Февраль 25, 2017

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу

Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 11774 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 4 қосымша

«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; (ОҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы)

2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларына арналған жобалық құжаттаманың көшірмесі;

2) порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған мәлімет нысанындағы өтініш;

су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларына арналған жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.


 

Қосымша          

«Су тарту құрылыстарының     

балық қорғау құрылғыларын   
орнатуды келісу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
 

Нысан

____________________________________________
(аумақтық инспекцияның атауы)
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
____________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

_________________________________________ келісім беруіңізді сұраймын
Су тарту құрылысының түрі ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(қысқаша сипаттамасы)
Балық қорғау құрылғысының типі: _____________________________________
_____________________________________________________________________
(қысқаша сипаттама)
Су объектісінің атауы және орналасқан жері (су айдын, облыс, аудан,
кент, ауыл ж.т.б.) __________________________________________________
Су айдынның атауы ___________________________________________________
Балықты қорғау құрылғысын орнату күні/мерзімі _______________________
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішті берген күн «__»___________20___жыл.
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса),қолы, мөрдің орны (заңды тұлғаларға)

Өтініш 20___ жылғы «___» _______________________ қарауға қабылданды.
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)