Февраль 24, 2017

«Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ак порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыру және пайдалануға енгізуді келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схема көшірмесі;
су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу талаптарын келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өз сутартқышы болмаған жағдайда – техникалық талаптардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі;
қалалық кәріз болмаған жағдайда – ағындыны шығару шартының көшірмесі;
ол орналасқан жер учаскесінің шегінде немесе осы объектіде жұмыстар жүргізген жағдайда, 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабының (бұдан әрі – Кодекс) талабына сәйкестікті анықтау мақсатында объектінің техникалық паспортының көшірмесі;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схеманың көшірмесі не жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың бірінің:
сатып алу-сату шартының;
мұрагерлік құқығына куәлігінің;
жергілікті атқарушы орган шешімінің не қаулысының көшірмесі;
2) порталға:
судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схеманың электрондық көшірмесі;
су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу талаптарын келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схеманың электрондық көшірмесі не жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың бірінің:
сатып алу-сату шартының;
мұрагерлік құқығына куәлігінің;
жергілікті атқарушы орган шешімінің не қаулысының электрондық көшірмесі;
өз сутартқышы болмаған жағдайда – техникалық талаптардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының электрондық көшірмесі;
қалалық кәріз болмаған жағдайда – ағындыны шығару шартының электрондық көшірмесі;
ол орналасқан жер учаскесінің шегінде немесе осы объектіде жұмыстар жүргізген жағдайда, Кодекстін 145-1-бабының талабына сәйкестікті анықтау мақсатында объектінің техникалық паспортының электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратан құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, жер учаскесіне меншік құқығын растайтын құжат, арнайы суды пайдалануға рұқсат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

Қосымша

«Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да 
құрылыстарды орналастыруға
жобалау құжаттамасын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына қосымша

Нысан

Кімге: _______________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен: ______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш иесінің
мекенжайы ____________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Өтініш иесінің
деректемелері ________________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)
Жылжымайтын мүліктің
кадастрлық нөмірі (бар болса) ________________
Арнайы су пайдалануға
рұқсат (бар болса) ___________________________
(нөмірі, берілген күні)

ӨТІНІШ

__________________________________________________________ сұраймын.
(өтініштің мақсаты)
Жоспарланып отырған қызметтің қысқаша сипаттамасы____________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтініш иесі
____________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »