Студенттердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Қазақстан инженерлі-педагогикалық университеті бірлесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және оқу үрдісінде студенттердің мінез-құлық қағидатын сақтауын қадағалау. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке дарынды әрі белсенді жастарды тарту, болашақ мамандарға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдысын алуға мүмкіндік беру болып табылады.

Университет ұжымы мен студенттер қатысқан кездесуде Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөліне тоқталып, жастардан күтілетін іс-әрекеттерді атап өтті.

Сондай-ақ, Жазира Салханқызы мемлекеттік қызмет мектебіне түсуге белсенді жастарды шақырып, мемлекеттік қызметке іріктеу, сынақ мерзімі, мансаптық өсу, сондай-ақ факторлы-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелерін баяндап берді.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында университеттің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Садықов, заң ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар А.Нұрымбетов, Н.Нақышев, «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі А.Купешова баяндама жасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *