СТУДЕНТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІНЕ ІРІКТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік қызметшілер мектебінің іріктеу қағидаларын түсіндіру бойынша                 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті қорытынды кездесулер ұйымдастырды.

Кездесулер Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы және Мирас университеттерінің  3-4 курс студенттерімен өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметке қабілетті және талантты жастарды тарту, Департаменттің бастамасымен құрылған Мемлекеттік қызмет мектебіне шақыру.

Іс-шара “сұрақ-жауап” форматында өтіп, онда студенттер мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік органдар өткізетін бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға дайындалу туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметтің тартымдылығы, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері, мансапты құру мүмкіндіктері туралы хабардар болды.

Елімізде мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформалар студенттердің ерекше назарын аударды.

Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу Шымкент қаласының ЖОО-ның 4 курс студенттері арасында 2 кезеңде өткізіледі: тестілеу және әңгімелесу. Іріктеуден өткен студенттер ҚР Президенті жанындағы басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында оқудан өтеді.

Болашақта мемлекеттік мектеп студенттеріне практикалық дағдылар мен біліктер алу мақсатында мамандықтар бойынша мемлекеттік органдарда іс-тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсыну жоспарлануда. Қорытынды бойынша түлектерге «Мемлекеттік қызмет мектебінің» сертификатты беріледі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет саласына жас мамандарды тарту өте маңызды. Өйткені, болашақ мамандардың кадрлық белсенділігі қуатты әлеуетке ие, ал жастардың көзқарасы сапалы және стандартты емес шешімдерді қалыптастырады.

Қабылдау бойынша толық ақпаратты Департаменттің www.memkyzmet.kz ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан және  53-61-13 телефоны бойынша алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *