Февраль 21, 2017

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау – өтінішті тіркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні;

алғашқы рет жүгінген көрсетілетін қызметті алушыларға куәлік беру – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

куәліктің телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны (бұдан әрі – өтемақы) төлеу.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімді қабылдау үшін қосымша сұрау салу, тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда 1 (бір) айға ұзартылады;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – “Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.


 

 

 

1-қосымша

“Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы
мемлекеттік ақшалай өтемақы
төлеу, куәлік беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Өтемақы тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi органның басшысы
_____________________________
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
_____________________________,
жеке басын куәландыратын құжат
ЖСН _________________________,
жеке шоты № _________________,
банктiң атауы ________________

Өтiнiш

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегуші ретінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы
(бұдан әрі – өтемақы) тағайындау жүргізуді сұраймын.
________ жылдан бастап ________ жылды қоса алғанда ____________
радиациялық әсер аймағының _____________ аумағында тұрдым.
Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін
растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.
1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған
жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
____________________________________________________________________
Өтемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
Күні ______________________ Қолы ____________________________________
———————————————————————
(қию сызығы)
Азамат (ша) ____________________________________________ өтініші қоса
берілген құжаттарымен “__” ____________ 20__жылы _____________ данада
қабылданды.
_____________________________________________________________________
қолы (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегі, аты,
 

 

 

 

“Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы
мемлекеттік ақшалай өтемақы
төлеу, куәлік беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу және олардың жеңілдіктерге құқығын
растайтын куәлікті беру жөніндегі арнайы
комиссияның төрағасы ___________________
_________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________,
_________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат

Өтініш

Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын
куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
_______________ бастап _________________ қоса алғанда _______________
радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.
Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін
растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_____________________
Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.
Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) алу үшін қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Күні _________________________ Қолы _________________________________
———————————————————————
(қию сызығы)
Азамат (ша) _____________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен
“______” ________ 20______ жылы __________ данада қабылданды.
____________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) және лауазымы)