Февраль 21, 2017

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығы).

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді;
құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кездегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңседе тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;


 

Қосымша   

«Сауда-саттықты (конкурстарды,    
аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша    

нысан

______________________________________ әкіміне
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала,
аудан, облыстық және аудандық маңызы бар қала,
кент, ауыл, ауылдық округ)
______________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
______________________________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
ЖСН (БСН)_____________________________________
______________________________________________
(жеке және заңды тұлғаны растайтын құжатының
______________________________________________
деректері байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскесіне құқық алуға өтініш

_____________________________________________________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы)
орналасқан, ауданы ___________ гектар, ______________________________
____________________________________ үшін __________________________,
(жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы)(сұратылып отырған құқық түрі)
_____________________________________________________________________
(жер учаскесін сауда-саттықтан тыс табыстау жағдайлары көрсетілсін
_____________________ негізінде жер учаскесіне құқық беруді сұраймын.
(конкурстар, аукциондар)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтінішке сұратылып отырған жер учаскесінің орналасқан жерінің
қағаз немесе электрондық форматтағы ситуациялық сызбасы қоса тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде) немесе
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы
_____________________           20____ жылғы «_______» _____________.
(қолы)                                 (күні)