Февраль 22, 2017

Сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

“Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығы).

 

Қызмет көрсетуші:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) “электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері);

еңбек кітапшасының көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:

жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шарты;

жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді;

жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізім (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі);

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

көшірмелерін ұсынған жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады немесе болмаған жағдайда құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады;

 

2) порталға:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері);

еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:

жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;

жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілер үзінділерден электрондық көшірмесі;

жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізімінің (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі) электрондық көшірмесі;

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттар қабылданаған жағдайда көрсетілетін қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.


 

3-қосымша

“Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі салаларында сарапшылық
жұмыстарды және инжинирингтік
көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

   

____________________________________________________________________

(жергілік атқарушы органның толық атауы)

____________________________________________________________________

(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты)

 ӨТІНІШ

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызмет түрін көрсету)

__________________________________________________мамандануы бойынша

(сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызмет түрінің мамандануын көрсету)

жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттауды сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәліметтер:

  1. Мекенжайы, телефоны:_____________________________________________
  2. Жұмыс орны: _____________________________________________________

(ұйымның атауы, мекенжайы)

  1. Тестілеу тілі: __________________________________________________
  2. Қоса берілген қосымша құжаттар: _________________________________

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беремін

____________ ____________________________________

(қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты)