Февраль 25, 2017

Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру

Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 11774 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 11 қосымша

«Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; (ОҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы)

2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжат:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) порталда:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.


 

Қосымша      

 

«Саны реттеуге жататын жануарлар
түрлерін алып қоюға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша      

Нысан

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
____________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының реквизиттері_______________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беруді
сұраймын.
Аулау мақсаты _______________________________________________________
Аулау әдісі _________________________________________________________
Рұқсатты қолдануға жауапты тұлғалар: ________________________________
Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланған объектілердің саны және тізімі:

Жануарлар түрлері Саны (жеке) Аудан (аумақ) және
учаске шекаралары

Жыныстық жасының құрамы (қажет болған жағдайда)______________________
_____________________________________________________________________
Аулау мерзімдері _____________ дан _________________ дейін
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы,
мөрдің орны (заңды тұлғаларға)