«Саналы ұрпақ» студенттік клубының таныстырылымы өтті

Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері Университеттің 75 жылдық мерейтойына орай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбиелік кездесу ұйымдастырды.

Тәрбиелік кездесуге қатысқан Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелерімен, сондай-ақ, клуб тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоспарларымен танысты.

«Біз жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастырғымыз келеді. “Саналы ұрпақ” жобасының мақсаты – еліміздің білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру» – деді өз сөзінде Ж.Әлжанова.

Іс-шара барысында студенттік клуб мүшелері Университет тарапынан өткізілген іс-шараларға тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсенділік танытатындықтарын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *