«Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелерімен кездесу өтті

2018 жылдың 12 қараша күні Silkway халықаралық университетінде «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндетіміз» тақырыбында кездесу өтті.

Студенттермен кездесіп, сұрақтарына жауап беру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова қатысты.

Іс-шарада Жазира Салханқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, Агенттік бастамасымен барлық университеттерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубының құрылғанын жеткізіп, осы жоба аясында жастарды белсендік танытуға шақырды.

Сонымен қатар Ж.Әлжанова мемлекеттік қызметке қызығушы жастарға департамент тарапынан memkyzmet.kz ақпараттық сайтының жұмыс жасайтындығын, онда мемлекеттік қызметке түсуге арналған заңнамалармен танысуға және сынақ тестінен өтуге болатындығын хабарлады.

Сондай-ақ, кездесу барысында мемлекеттік қызмет мектебінің құрылғандығы хабарланып, іріктеу Шымкент қаласының ЖОО-ның                   4 курс студенттері арасында тестілеу және әңгімелесу кезеңдерінде өткізілетіндігі хабарланды.

Сұрақ-жауап ретінде өткен іс-шараға студенттер алғысын білдіріп, мемлекеттік қызмет мектебіне қызығушылықтарын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *