Февраль 25, 2017

Салық төлеушілерді тіркеу

“Салық төлеушілерді тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) салық төлеушінің тіркелу деректеріне өзгертулер енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорациясына берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) мәліметтерді СТ МДБ-на енгізу, СТ МДБ-да тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, СТ МДБ-нан салық төлеушілер туралы мәліметтерді алып тастау үшін – осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;

2) СТ МДБ-на резидент еместігі туралы мәліметтерді енгізу үшін – осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі;

3) СТ МДБ-да заңды тұлғаның басшысы туралы көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаның бір қатысушының (акционердің) шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) СТ МДБ-да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасының аумағында филиалын, өкілдігін ашпай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату салық есептілігі;

6) қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктеме;

7) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату балансы;

8) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін бөліну жолымен Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты бөліну балансы;

9) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесі;

10) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтініші;

11) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кездегі тапсыру актісі.

Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет беруші, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын табыс етуді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша береді.

Мемлекеттік корпорациясы нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорациясының сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;

порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салық өтінішін – бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін.

Көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген мәлімет жолданады.

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының, оның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасының резидент емес-заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтердің өзгеруі тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтініште заңды тұлға қатысушыларының (акционерлердің) жалпы жиналыстарының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаның (акционердің) бір қатысушысының заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімдерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтініште заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі. Бұл ретте резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше, резидент емес-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше басшысының салық өтініші келу тәртібінде беріледі. Салықтық өтінішті берген кезде “Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы” 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша сауалнама толтырылады.

Келу тәртібінде салықтық өтінішті ұсыну бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің қатысушыларына қолданылмайды.


 

1-қосымша      

“Салық төлеушілерді тіркеу”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

 

 

 

 

 

 


 

2-қосымша

“Салық төлеушілерді тіркеу”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

 

 




3-қосымша

“Салық төлеушілерді тіркеу”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

 


 

4-қосымша

“Салық төлеушілерді тіркеу”

мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына


 

5-қосымша

“Салық төлеушілерді тіркеу”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылар (резидент емес жеке тұлғалар) үшін:Кесте. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына көрсетілетін қызметті алушылар (резидент еместер) туралы мәліметтер енгізу үшін қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушылар санаттары Құжаттар тізбесі Өтінішті тапсыру мерзімі Құжаттар тапсырылатын салық органы
Нотариалды куәландырылған көшірмелері
Жеке басын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс сомасын растайтын құжат (болған жағдайда) Азаматтық (инкорпорация) еліндегі салықтық тіркеуін растайтын құжат (болған жағдайда) Резидент еместің атынан Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктер беруге арналған шарт
2 3 4 5 6 7 8
1 Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алатын, табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін табысты төлейтін салық агенті болып табылатын резидент емес жеке тұлға Мүлікті сатып алғанға дейін Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша
2 Қызметі тұрақты мекеме ретінде қарастырылатын тәуелді агент Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Тәуелді агенттің орналасқан (тұратын) жері бойынша
1 2 3 4 5 6 7 8
3 Қазақстан Республикасындағы көздерден төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Болатын (тұратын) жері бойынша
4 Резидент банктерде шоттар ашатын жеке тұлғалар Банкте шот ашқанға дейін Резидент банктің орналасқан жері бойынша
5 Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салу объектісі болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар Осындай мүліктің орналасқан орны бойынша
6 Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар Болатын (тұратын) жері бойынша

 

көрсетілетін қызметті алушылар (резидент емес заңды тұлғалар) үшін:

Көрсетілетін қызметті алушылар санаттары Көшірмелерін табыс ету қажет құжаттардың тізбесі

(*белгісі құжаттардың көшірмелерін нотариуста куәландыру қажет дегенді білдіреді, ** белгісі құжат тек өкілдіктер қызметкерлерін тіркеген кезде табыс етіледі дегенді білдіреді)

Құрылтай құжаттары* Инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат* Инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжат * директорлар кеңесі немесе осыған ұқсас басқару органы жиналысының хаттамасы* Резидент еместің атынан кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге де мақсаттарға уәкілеттік беруге арналған шарт (келісім, келісімшарт немес өзге де құжаттар)*
1 2 3 4 5 6 7
1 Филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға
2 Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға
1 2 3 4 5 6 7
3 Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алатын, табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін табысты төлейтін салық агенті болып табылатын резидент емес немесе Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу, ұстау және аударуды дербес жүргізетін

резидент емес

4 Қызметі тұрақты мекеме ретінде қарастырылатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері), тәуелді агент
1 2 3 4 5 6 7
5 Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес
6 Резидент банктерде шоттар ашатын заңды тұлғалар
7 Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі
8 Резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның
1 2 3 4 5 6 7
жарғылық капиталына қатысу үлестерін; резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; резидент емес заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін) табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген салық агенті болып табылатын немесе салық агенті болып табылмайтын тұлғадан құн өсімі түрінде табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізетін резидент емес
1 2 3 4 5 6 7
9 Мынадай шарттар орындалмаған жағдайда бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның)

1 2 3 4 5 6 7
мүлкі құрау талаптары орындалған кезде қолданылады. Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды

 

кестенің жалғасы

Өтінішті тапсыру мерзімі Құжаттар тапсырылатын салық органы
Бірлескен қызмет туралы шарт* Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжат**
8 9 10 11
Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша
Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасы деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Орналасқан жері бойынша
8 9 10 11
Мүлікті сатып алғанға (өткізгенге) дейін Мүліктің орналасқан жері бойынша
Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Орналасқан

жері бойынша

8 9 10 11
қызметін жүзеге асыра басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша
Банкте шоттар ашқанға дейін Резидент банктің орналасқан жері бойынша
Қызметін жүзеге асыру басталғанға дейін дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктің орналасқан жері бойынша
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша
8 9 10 11
асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде
8 9 10 11
Мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін Эмитент заңды тұлғаның немесе резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша
8 9 10 11