Февраль 25, 2017

Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға

“Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының кеңсесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мыналарды өзгерту туралы:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салық және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін – өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;

импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу мерзімін – импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС және (немесе) өсiмпұлдардан басқа, салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін өзгерту салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік 36 (отыз алты) айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін:

1) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзімдерін ауыстыру себептері қамтылған салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш – банк кепілі шарты немесе кепіл шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей.

Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті берушіге (Министрлікке) беріледі.

Жергілікті бюджетке толық көлемде түсетін салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу есебіне алу орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;

2) салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін банк кепілдігі арқылы өзгерту үшін – кепілдік беруші банк пен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған банк кепілдігі шарты мен банк кепілдігі;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту үшін – кепіл шарты мен кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салықтық міндеттемесін орындау кестесі;

3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген дара кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растауы;

импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту үшін:

1) көрсетілетін қызметті берушіге (Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына) – үш айдан аспайтын мерзімге импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы көрсетілетін қызметті берушінің қортындысы.

Осы тармақшаның ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға таратылмайды;

2) көрсетілетін қызметті берушіге (Министрлікке) – өнеркәсіптік өңдеу үшін импорт бойынша тауарларды ұдайы алып тұратын ҚҚС төлеушілерге күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын импортқа ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш;

тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы мемлекеттік кірістер органының қортындысы.

Осы тармақшаның ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға таратылмайды;

көрсетілетін қызметті берушінің ҚҚС төлеушінің орналасқан орны бойынша өндірістік қуаты мен үй-жайларының бар екені туралы қортындысы.

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, құжаттар топтамасын қабылдау туралы белгісі бар талон алады.

порталға:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларын төлеуді көздейтін салықтық міндеттемесін орындау кестесінің электронды көшірмесі;

3) кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігінің жазбаша растауының электронды көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде, жеке куәлігн көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорациясына жолдайды.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәлімет жолданады.


 

1-қосымша

“Салық және (немесе)

өсімпұлдар төлеу жөніндегі

салық міндеттемесін орындау

мерзімдерін өзгерту”

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына