Февраль 25, 2017

“Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

“Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға
байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қою, тіркеу есебінен шығару – уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

салықтық өтінішті:

меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объектісі бар, сондай-ақ осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын, құрылысы аяқталмаған объектіге іс жүзінде иелік етуші және қолданушы (пайдаланушы) дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың тапсыру мерзімі – осындай құқығы туындаған күннен бастап немесе құрылысы аяқталмаған объектіні іс жүзінде қолданған (пайдаланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасының қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон алады.

Пошта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші пошта хабарламасына белгі қояды.

Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

 

1-қосымша

“Салық салу объектілерінің және (немесе)
салық салуға байланысты объектілердің
орналасқан жері бойынша тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 

 

 

 

 

 

 


 

2-қосымша

“Салық салу объектілерінің және (немесе)
салық салуға байланысты объектілердің
орналасқан жері бойынша тіркеу есебі”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына