САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2017 жылдың 7 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) «Салық саласында сыбайлас жемқорлық мақсатында жауапкершілік алудың өзекті мәселелері» тақырыбында ОҚО бойынша кірістер департаментінің басқарма басшылары мен бөлім басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Дөңгелек үстелде департамент басшысының орынбасары А.Шілманов департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мемлекеттік қызмет институттарына қоғамның сенімін арттыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Айбек Ақбергенұлы департамент тарапынан жасалған memkyzmet.kz сайты туралы қатысушыларды хабардар етті.

Сондай-ақ, салық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресудің тиімді әдісін қолданылуын талқылауда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғ.Орынов және ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы-аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Б.Жабасов өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, парақшалар таратылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *