САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

2017 жылдың 12 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) «Салықтық міндеттемелерді есептеу және салықтық жеңілдіктерді қолдану: сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беретін себептер мен жағдайлар» тақырыбында ОҚО бойынша кірістер департаментінің қызметкерлерімен семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Семинар барысында департамент басшысының орынбасары А.Шілманов сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен аталған тәсілдердің қолданылуына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, салық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғ.Орынов және ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Б.Есқараев айтты.

          Іс-шарада мемлекеттік кірістер органдары саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қызу талқыланып, бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *