Февраль 25, 2017

Салық есептілігін қабылдау

“Салық есептілігін қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе “Салық төлеушінің кабинеті” веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібінде қағаз тасымалдағышында табыс етілген салық есептілігін қабылдау – оны табыс еткен сәттен бастап 10 минут ішінде;

Мемлекеттік корпорация арқылы келу тәртібінде қағаз тасымалдағышында табыс етілген салық есептілігін қабылдау – оны табыс еткен сәттен бастап 10 минут ішінде;

салық есептілігін электронды түрде қабылдау – көрсетілетін қызметті берушінің салық есептілігін қабылдау жүйесі оны қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

салық есептілігі;

патент құнының төленгенін растайтын құжаттар – есепті қағаз жеткішгіште ұсынған кезде;

порталға:

салық есептілігі;

сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде порталда қалыптастырылатын “электрондық үкіметтің” төлем шлюзінің хабарламасы – патент құнының сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының электрондық түрде қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама/растама алады.

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.