Февраль 25, 2017

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру

“Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту,
қайта бастау)” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе “Салық төлеушінің кабинеті” веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жүгінген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді беру – көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімді беру – көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Өзінің тұрған жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш;

2) салық кезеңі басталғаннан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігі;

3) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

4) қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге (қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын көрсетілетін қызметті алушылар) патент құнының есебі.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасының қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон алады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініште көрсетілген салық кезеңі басталғаннан бастап қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігі;

3) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы (қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын қызметті алушылар үшін) қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есебі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорациясы қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген мәлімет жолданады.


 

1-қосымша

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата
тұру (ұзарту, қайта бастау)”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына


 

2-қосымша

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата
тұру (ұзарту, қайта бастау)”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына