Февраль 25, 2017

Салық есептілігін кері қайтарып алу

“Салық есептілігін кері қайтарып алу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитеті, Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының кеңсесі арқылы, ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе “Салық төлеушінің кабинеті” веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

салық есептілігін кері қайтарып алу – қажетті құжаттарды табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш);

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасын);

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты табыс етеді.

Мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхаты бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік корпорациясы нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорациясының сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруі үшін Мемлекеттік корпорациясына жолдайды.

порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішті табыс етеді.

Портал немесе СЕӨС арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарлама/растауды алады.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасының қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон алады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.


 

Қосымша

“Салық есептілігін кері қайтарып алу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша