Февраль 25, 2017

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті

“Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және
төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының “Салық төлеушінің кабинеті” (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) веб-қосымшасы ақпараттық жүйе арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме алу үшін өтініштерді (бұдан ары – салықтық өтініш) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы;

2) ХҚКО арқылы;

3) портал арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы СЕӨС АЖ, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

берешегінің жоқ (бар) болуы туралы мәлімет сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады;

салықтық міндеттемелерді орындау бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын аудару және және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша бюджтпен есеп айырысу жағдайы туралы жеке шоттан көшірмені (бұдан әрі – көшірме) ұсыну – салықтық өтінішті алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) берешегінің жоқ (бар) болуы туралы мәліметтерді алу үшін – сұрау салу;

2) көшірмені алу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;

3) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасының қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон алады.

Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорациясына жолдайды;

парталға:

куәландырылған, электронды құжат нысанындағы сұрау салу немесе салықтық өтініш.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәлімет жолданады.


 

1-қосымша

“Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
аударымдары бойынша берешегінің жоқ (немесе) бар
екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін,
сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу
және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу
және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау
бойынша бюджетпен есеп айырысулардың
жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру”
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына