Февраль 25, 2017

Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің

“Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің,
өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке
жатқызуды және қайтаруды жүргізу” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитеті, Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының кеңсесі, ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе “Салық төлеушінің кабинеті” веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) және құжаттарды табыс еткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды;

салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген қате төленген сома бойынша салықтық өтінішті және құжаттарды табыс еткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

салық салу саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды табыс еткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;

2) бюджетке артық (қате) төленген кедендік төлемдердің және салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін – кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар төлеу орны бойынша кеден органы берген бюджетке артық (қате) төленген кеден төлемдердің және салықтардың, өсімпұлдардың сомаларының бар екендігі туралы растау;

3) салықтың немесе басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтаруды жүргізу үшін – салықтарды немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі;

4) кеден төлемдер мен салықтардың, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу немесе қайтару үшін – кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі;

5) салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша оның күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – заңсыз салынуының салдарынан айыппұлдың күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе жоғары тұрған салық қызметі органының (лауазымды тұлғасының) шешімі;

6) бюджетке төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат;

7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат;

8) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты, сондай-ақ оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты;

9) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – бюджетке мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі;

10) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметшісі жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасының қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон алады.

Мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш;

2) бюджетке артық (қате) төленген кедендік төлемдердің және салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін – кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар төлеу орны бойынша кеден органы берген бюджетке артық (қате) төленген кедендік төлемдердің және салықтардың, өсімпұлдардың сомаларының бар екендігі туралы растаудың электронды көшірмесі;

3) салықтың немесе басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтаруды жүргізу үшін – салықтарды немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу туралы төлем құжатының электронды көшірмесі;

4) кедендік төлемдер мен салықтардың, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу немесе қайтару үшін – кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке төленгені туралы төлем құжатының электронды көшірмесі;

5) салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша оның күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – заңсыз салынуының салдарынан айыппұлдың күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісінің немесе жоғары тұрған салық қызметі органының (лауазымды тұлғасының) шешімінің электронды көшірмесі;

6) бюджетке төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжаттың электронды көшірмесі;

7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжаттың электронды көшірмесі;

8) бюджетке төленген мемлекеттік бажды қайтару үшін – мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты, сондай-ақ оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжатының электронды көшірмесі;

9) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – бюджетке мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімінің электронды көшірмесі.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған жағдайда, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Салықтық өтініш:

1) салықтардың, төлемдердің, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды жүргізу үшін – салық төлеушінің дербес шоты бойынша артық төленген сома есептелген;

2) салықтардың, төлемдердің, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтаруды жүргізу үшін – осындай салық, төлем, алым, өсімпұл бойынша салық төлеушінің дербес шоттары жүргізілетін;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару үшін – салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қате төлеу жүргізілген;

4) салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару үшін – дербес шоты бойынша қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептелген мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі.


 

1-қосымша

“Салықтардың, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің,
өсімпұлдардың, айыппұлдардың
төленген сомаларын есепке жатқызуды
және қайтаруды жүргізу” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына