Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті «Е-қызмет» жүйесінде құжаттама жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – Е-қызмет жүйесінде кадрлық құжаттаманы жүргізу тәртібін, кадрлық құрамның жай-күйіне мониторинг жүргізу және мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелерін талқылау.