«2018 жылға арналған Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына» сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментімен «Мемлекеттік қызмет органдары қалыптасуының жиырма жылдығы» атты жаппай бірыңғай сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын кеңінен түсіндіру.
Біріңғай сағат бір уақытта облыс көлемінде орналасқан барлық орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында өткізілді.
Іс-шара аясында Елбасының биылғы жолдауының 9 міндеті сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдері талқыланды.