ОҚО-ДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігінің бастамасымен республикалық «Есіктен есікке» бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) аясында 2017 жылдың 7 сәуір күні«Энергопоток» ЖШС-нің ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың халықпен кезекті кездесуі өтті. 

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан, қалалары бойынша 557 мыңға жуық абоненттер коммуналдық төлемдеріне қосымша ретінде ақпараттық жадынамалар орналастырылған түбіртектер алады. Онда «Азаматтарға жадынама! «Егер Сізден пара талап етсе!? Егер Сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз call – орталықтың 1424нөміріне хабарласыңыз! деген ақпарат қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *