Февраль 22, 2017

Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық

 «Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығы)

 

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті       беруші)          көрсетеді.
1)        көрсетілетін қызметті        берушінің      кеңсесі;
2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша           шекті            уақыты–30   минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут.

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті        берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің       эскизі (эскиздік            жобасы;
порталға:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қызметті алушының ЭЦҚ-ымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;
2) сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизінің (эскиздік жобасының) электронды көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, эскизге (эскиздік жобаға) мемлекеттік экологиялық және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағазға басылған түрінде өтініштің қабылдануының дәлелі болып        табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.


 

Қосымша   

«Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, 
тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар;
аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама
орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман   
пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры 
жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін 
салуға пайдалануға рұқсат беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына        
қосымша   

Нысан

Учаскені құрылыс объектісін салу үшін пайдалануға рұқсат беру
өтініш

Өтініш беруші _______________________________________________________
заңды мекенжайы _____________________________________________________
телефон _____________________________________________________________
факс ________________________________________________________________
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________________

Өтініш берушінің өкілі ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы, сенімхат
қоса беріледі)

тұрақты мекенжайы ___________________
телефон _____________________________
факс ________________________________
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды
тұлғаның атауы, ЖСН/БСН)
_________________________________________________________ мақсатында
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
(мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
жасалған 20___ жылғы «__» ______ мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына сәйкес өтініш берушінің ұзақ
мерзімді берілген орман пайдалануындағы учаскені:____________________
_____________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(объект салынатын учаскенің атауы)
пайдалануға рұқсат беруді сұрайды.

Өтінішке қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қолы ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны (заңды тұлға үшін)

Өтінішті қабылдады _______________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (күні)