Февраль 21, 2017

Оралман мәртебесін беру

 «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші (облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

құжаттар топтамасын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін курьермен жеткізуді қамтамасыз ету үшін аудандық (қалалық) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде өтініш білдірген кезде – 5 (бес) жұмыс күні

 

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр екі фотосуреті;

3) нотариат куәландырған аудармасымен көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

4) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне ЖСН берілгені туралы анықтаманың көшірмесі немесе ЖСН бар екендігін растайтын (бар болса) өзге де құжаттар қоса беріледі.


 

1-қосымша

 

“Оралман мәртебесін беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

Нысан
___________________________________
(жергілікті атқару органының атауы)
__________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________
(мекенжайы бойынша тұратын)

Оралман мәртебесін беру туралы өтініш

Қазақстан Республикасының __________ облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тарихи отанда тұрақты тұру мақсатында келумізге байланысты маған және менің отбасымның мүшелеріне оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы) ___________________________________________;
2) өтініш берушінің ата-анасы және зайыбы (ерлі-зайыптылар)
_______________________________________________________________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған) және олардың отбасымүшелері
________________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалары, інілері мен апалары, сіңлілері
________________________________________________________________
Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Оралман мәртебесін беру” мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы “___” ___________ ____________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаған: ___________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы “___” _________ ____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)