Февраль 22, 2017

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы)

 

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

1.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2. Мемлекеттік қызметті облыстардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (облыстық маңызы бар қалалар) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті     беруші)         көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан                  бойынша      өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі.
Жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері толығымен орналасқан кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан                  бойынша      өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі өткен кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан                  бойынша      өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Министрлік Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық            бөлімшесінің           ұсынымы.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.


 

Қосымша       

«Облыстың жергілікті атқарушы  
органдарының жануарлар дүниесін 
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық   
шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде
шешімдер қабылдауы» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына 
Қосымша          

Нысан

_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық
атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

Өтініш

______________________
(елді мекен)

20 __ жылғы «__»_______________

Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен
аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін
сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
2. Меншік нысаны: _____________________________________________
3. Құрылған жылы: _____________________________________________
4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:
_____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)
5. Заңды мекенжайы: ___________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы,
көшесі, үй №, тел/факс)
6. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________
7. ___________________облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы
«__»______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық
бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы
«__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген
аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі:
_____________________________________________________________________
8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны
және (немесе) учаскесі: _____________________________________________
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
Жеке/заңды тұлға ___________________
(қолы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),

мөрдің орны