Февраль 22, 2017

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыр

 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Шымкент қаласының сәулет-қала құрылысы бөлімінің кеңсесі арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келіп қол қоюы, өкілетті заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенімхаты негізінде) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;
түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы орналасқан жері көрсетілген сұрау салу;
түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі.
Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттардың электрондық көшірмесін жасап, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығышта қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы белгісі көрінеді.


 

1-қосымша     

«Облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген 
белдеуде, жарнаманы тұрақты 
орналастыру объектілерінде  
сыртқы (көрнекі) жарнама   
орналастыруға рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
нысан

____________________________________
(жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесі)
____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.А. не
____________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
____________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
____________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.

Күні _______ Алушы ________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның
_____________________________________
атауы, қолы)

Ақпараттық жүйелерде құралған заңмен қадағаланатын құпия мәліметтерді қолдануға келімімді беремін ________ «___» _______ ж. (қолы)


 

2-қосымша    

«Облыстық және аудандық маңызы бар 
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы
тұрақты орналастыру объектілерлерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
Нысан

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.
немесе ұйымының атауы)
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі
(мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық
ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________________________;
2) _______________________________________________;
3) _______________________________________________.

Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефоны __________
Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________