Февраль 22, 2017

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

 «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы)

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептер болған кезде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;

ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;

неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты тіркеу рәсімінің ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспауы тиіс;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда – неке (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күнін тағайындау туралы хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн.

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

шетелдіктер қосымша ұсынады:

4) некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы;

5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан  еспубликасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

6) қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсаты.

Заңмен белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, қосымша мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын құжаттар: дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар ұсынылады.

Заңмен белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажет болған кезде, қосымша ұсынылады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтініш;

2) белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы немесе ортақ баланың тууы және әке болуды анықтау туралы куәліктердің көшірмелері (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін);

3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғалардың заңды өкілдерінің келісімі;

4) заңды өкілдерінің құзыретін растайтын құжаттар.

Бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған жағдайда, мәліметтерді тексеру үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Порталда (Қазақстан Республикасы азаматтарының некесін алғаш рет тіркеу үшін):

1) көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге тұрушы екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініші.

 

Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы анықтама;

3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;

4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

5) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат.


 

1-қосымша 

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
        

Нысан

Өтініш 20____жылғы «____»_______________ қабылданды
№ _____ журналда тіркелді.
Некеге отыруды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу
20___ жылғы «___» ____________ тағайындалды.
Қолы ______________________________________

Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы
Өтініш

Азамат Азаматша
1. Аты
2. Әкесінің аты (бар болғанда)
3. Тегі
4. Туған күні, жасы «___» ______ жылы
___ жасқа толды
«___» _____ жылы
___ жасқа толды
5. Азаматтық
6. Туылған жері (қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика)
7. Ұлты
8. Білімі
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді
10. Отбасылық жағдайы: некеде отырған, жесір, ажырасқан
11. Ортақ балалар туралы мәлімет
12. Тұрақты мекенжайы
13. Қай жылдан
14. Нешінші некеге отыруы
15. Жеке тұлғаны растайтын құжат (нөмірі, қашан және кіммен берілді)

Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер жоқ.
Некеге отыру (ерлі-зайыпты болуды) тіркелгеннен кейін келесі тегін алуды қалаймыз
ері _________________________________________________________________
зайыбы ______________________________________________________________
Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болу) шарттарымен және тәртібімен таныстық. Болашақ ерлі-зайыптылардың және ата-ананың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)                          (қолы)

Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді cалтанатты/салтанатты емес(керек емесін сызып тастау) жағдайда өткізуді сұраймыз.

Некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болатындардың) қолдары:

Азамат ______________________________
(некеге дейінгі тегі)
Азаматша ____________________________
(некеге дейінгі тегі)

20____жылғы «____»_______________


 

2-қосымша     

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
 

Нысан

_________________________________
_________________________________
(тіркеуші органның атауы)
__________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болғанда), тегі)
мекенжайы:
___________________________________
___________________________________
Тел. № ____________________________

Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы
Өтініш

Қызымның/ұлымның неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуіңізді сұраймыз
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
_____________________________________________________________________
(туылған күні)
белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп бойынша:_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
__________________________________________ азаматпен некеге отыру             (туылған күні)
үшін.

Келесі құжаттарды қосып бердік:
_____________________________________________________________________
Некеге (ерлі-зайыптылық) отырушылардың келісімі:

Ата-ананың                             (қамқоршылардың)қолы:
_______________________                 _____________________
20____жылғы «____»___________           20____жылғы «____»___________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жылы
(қолы)        (қолы)


 

3-қосымша   

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
 

Нысан

______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар
болғанда), тегі) мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
Тел. № _______________________________

Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу)
Өтініш

__________________ туралы № ________ «___» ________ жылы акт жазбасына келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ____________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ____________________________
2. Туылған күні _____________________________________________________
3. Туылған жері______________________________________________________
4. Ұлты______________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері
_____________________________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)

а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________
_____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекеттік органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме___________________________________________________________________
14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін:
1) ______________________________ 4) ________________________________
2) ______________________________ 5) ________________________________
3) ______________________________ 6) ________________________________
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
20__ жылғы «______» _______________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Журнал бойынша № ____

———————————————————————
(жыртып алу сызығы)
20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы

Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады
Маман ________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)