Февраль 21, 2017

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы)

 

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;

басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге:

хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеу органы өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

 

порталда – өтінішті алғанын растау және некені бұзуды тіркеу күнін белгілеу – 1 (бір) жұмыс күні

 

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;

4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;

4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

 

Сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;

4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;

5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

6) көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойыша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;

4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.

 


 

1-қосымша

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері   
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар  
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына    
            

 

Нысан

 

Өтініш 20___жылғы «____» ____________ қабылданды және журналда
№ _____________________ тіркелді
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу 20___жылғы «___» ___________
тағайындалды
Қолы ______________________

____________________________________
____________________________________
(тіркеу органының атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
тұратын мекенжайы бойынша:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
мекенжайы:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы
өтініш

_____________________________________________________________________
сотының
(сот атауы, сот шешімінің күні және нөмірі)
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде некені бұзуды
тіркеуді сұраймыз (-мын).
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын (мыз).

 

Азамат Азаматша
1. Аты
2. Әкесінің аты (бар болса)
3. Тегі: бұзуға дейін
бұзудан кейін
4. Туған күні, жасы __________жылы
«_____»_________
_____ жасқа толды
__________жылы
«_____»_________
_____ жасқа толды
5 Туған жері
6. Ұлты
7. Азаматтығы
8. Заңды мекенжайы
9. Қай жылдан бастап тұрады
10. Білімі
11. Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)
12. Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) тұрды
13. Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қайда қиылды (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының нөмірі мен күні)
14. Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы
15. 18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
16. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кім берді)

Өтінішке қоса беремін (-міз):________________________________________
Неке(ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың қолдары:
Азамат ______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Азаматша ____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы «_____» ____________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20___жылғы «______» _______ ___________ құжаттар қарауға қабылданды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар
болса)______________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін
20___жылғы «______» _____________ келеді.

___________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә (бар болса).


 

2-қосымша    

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері   
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар  
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына    
 

Нысан

 

Өтініш 20___жылғы «____» ____________ қабылданды және журналда
№ _____________________ тіркелді
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу 20___жылғы «___» ___________
тағайындалды
Қолы ______________________

____________________________________
____________________________________
(тіркеу органының атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
тұратын мекенжайы бойынша:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
мекенжайы:
____________________________________

 

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы
өтініш

Біз, төменде қол қоюшылар, өзара келісім бойынша некені бұзуды
сұраймыз. Кәмелетке толмаған балаларымыз және мүлікті бөлумен
байланысты дауларымыз жоқ.

 

Азамат Азаматша
1. Аты,
2. Әкесінің аты (бар болса)
3. Тегі
4. Туған күні, жасы __________жылы
«_____»_________
_____ жасқа толды
__________жылы
«_____»_________
_____ жасқа толды
5. Азаматтығы
6. Туған жері (қала, ауыл, аудан, облысы, өңір, республика)
7. Ұлты
8. Білімі
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)
10. Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) тұрды
11. Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қайда қиылды, неке қию туралы
актінің нөмірі мен күні
12. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін қандай тегін алуды қалайды (некеге дейінгі немесе некені тіркеу барысында қабылдаған)
13. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себебі
14. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың шарттарымен және тәртібімен
таныстық. Азаматтық хал актілері жазбаларының қағидаларын бұзғаны
үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы
кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы
ескертілдім.

Неке бұзушылардың қолдары:
Азамат ______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Азаматша ____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы «_____» __________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
«__» ______ 20 жылғы __________
(қолы)

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20___жылғы «______» _______ ____________ құжаттар қарауға қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (бар болса) ____________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін
20___жылғы «______» _____________ келеді.

___________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә (бар болса).


 

3-қосымша       

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері   
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар  
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына    
Нысан

Жолданды __________________________
жауап күтілуде 20___жылғы «_____» __________________
20___жылғы «_____» __________________
даудың жоқтығы туралы жауап алынды, даудың бары туралы жауап алынған
жоқ
(керегінің астын сызу)

____________________________________
____________________________________
(тіркеу органының атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
тұратын мекенжайы бойынша:
____________________________________
____________________________________
Тел. № _____________________________
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
мекенжайы:
____________________________________

Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану
туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс
жасағаны үшін соттың үкімімен кемінде үш жыл мерзімге
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік
тіркеу туралы өтініші

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймын
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
______________________________________ сотының шешімі/үкімі негізінде
(соттың атауы)
______________________________ туралы 20___жылғы «_____»
__________________
№ _________

Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:

Азамат Азаматша
1. Аты
2. Әкесінің аты (бар болса)
3. Тегі: бұзуға дейін
бұзудан кейін
4. Туған күні, жасы __________жылы
«_____»_________
_____ жасқа толды
__________жылы
«_____»_________
____ жасқа толды
5. Ұлты
6. Азаматтығы
7. Заңды мекенжайы
8. Қай жылдан бастап тұрады
9. Білімі
10. Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)
11. Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) тұрды
12. Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қайда қиылды (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының нөмірі мен күні)
13. Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы
14. 18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
15. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кім берді)

Пошталық мекенжайы
_____________________________________________________________________
(сотталған жұбайының, әрекетке қабілетсіз жұбайының,
_____________________________________________________________________
хабар-ошарсыз кеткен мүлкінің қорғаншысының
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, нақты мекенжайды көрсету)
Өтінішке қоса беремін (-міз):
_____________________________________________

Өтініш берушінің қолдары:
Азамат ______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Азаматша ____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы «_____» __________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
«__» ____ __ 20 жылғы __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
«__» ____ __ 20 жылғы __________
(қолы)

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20___жылғы «______» _______ ____________ құжаттар қарауға қабылданды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар
болса)_______________________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін
20___жылғы «______» _____________ келеді.

___________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә (бар болса).


 

4-қосымша   

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,

оның ішінде азаматтық хал актілері   
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар  
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына    
              

Нысан

____________________________________
(тіркеу органының атауы)
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
тұратын мекенжайы:__________________
____________________________________
тел. № _____________________________

Өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу) өтініш

______________ туралы ________ жылғы «___»___№ ________ акт жазбасына
мынадай өзгерістерді, түзетулерді, толықтыруларды енгізуіңізді
сұраймын (керегінің астын сызу) _____________________________________
_____________________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері________________________________________________________
4. Ұлты______________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
және туған жері _____________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет өткеретін әскери бөлімнің атауы ___________________________
_____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлерінің нақты тізбесі және уақыты ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болған немесе өтелмеген немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда,
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекеттік
органдарға тиісті сұрау салуды жіберу үшін, бұл туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме
_____________________________________________________________________
14. Өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу себебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу
қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________ 4) ________________________________
2) ______________________________ 5) ________________________________
3) ______________________________ 6) ________________________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл ________________ қолы
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Журнал бойынша № ____

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20____ жылғы «_____» ____________ өзгерістерді, толықтырулар мен
түзетулерді енгізу туралы өтініш қарауға қабылданды
Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» ___________ хабарланатын болады

Маман _____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)