Февраль 22, 2017

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

 «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің (Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары) кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына жазылған құжаттың жоғалу жағдайы немесе басқа да себептері көрсетілген өтініші;

2) кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігімен (паспортымен) бірге туу туралы куәлігінің (2008 жылы туылған жағдайда) көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

 

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттың жоғалу жағдайы немесе баска да себептері көрсетілген өтініші;

2) кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігімен (паспортымен) бірге туу туралы куәлігінің (2008 жылы туылған жағдайда) көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).


 

1-қосымша       

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру 
туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына    
 
_______________________________________
_______________________________________
(оқу орнының атауы)
_______________________________________
_______________________________________
(толық Т.А.Ә. (болған жағдайда) және ЖСН)
_______________________________________
_______________________________________
(бітірген жылы)
_______________________________________
_______________________________________
(Өзгерген жағдайда оқу орнының
атауы және мекенжайы)

Нысан

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________ (себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________
аттестаттың (немесе куәліктің) телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
(керек құжаттың атауының көрсету қажет)
Ақпараттық жүйелерде орналасқан заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.

_______________________20___ ж. «__________»

(қолы)