Февраль 22, 2017

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

 «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушы немесе растайтын құжаттарымен заңды өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экстернат нысанында оқыту туралы өтініш;

2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы;

3) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама;

4) білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туған жағдайда) болған жағдайда жеке куәлік көшірмесі (телнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет).

Порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;

2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысының электронды көшірмесі;

3) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтаманың электронды көшірмесі;

4) білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

5) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) электронды көшірмесі


 

2-қосымша        

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында 
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына 

Кімге: ______________________ басшысы
Жергілікті атқарушы органның атауы
Кімнен: ________________________
________________________/
Т.А.Ә. (бар болса) және
толық жеке сәйкестендіру нөмірі/

Нысан

Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге
өтініш

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-4) тармақшасына (6-бап, 3-тармақ,  25-7) тармақшасына немесе 6-бап, 4-тармақ, 21-3) тармақшасына), сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.

______________________________
(қолы)
«_____» ____________ 20___ ж.