Февраль 21, 2017

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру

 «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
   

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 10 (он) жұмыс күнi;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлғаға) – көрсетілетін қызметті алушының өкiлi жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар;
2) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесi;
көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды (көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады).
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзі арқылы   тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналында белгіленеді. Сараптама өткізілген кейін ұсынылған заттарды қабылдау және өткiзу журналына белгi қоюмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге – өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдаудың күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – «жеке кабинетiнде» көрсетiлетiн қызметтi алушының өтініштер тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiле отырып.


 

Қосымша    

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк көрсетiлген  
қызмет стандартына    
қосымша  

Нысан
________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қала мен
_____________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)
_____________________________________
_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы)

ӨТІНІШ

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
(атауы, сипаттама, саны)
Әкету мақсаты: _____________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректері: ________________________________________
(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
____________________________________________________________________
оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегi мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келiсiм беремiн.

Өтініш берушінің қолы _________              Күні ___________

Мөр үшін орны
(заңды тұлға үшін)