Февраль 25, 2017

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге

“Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге
(импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір
түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен
импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін
(ДСН-код) беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарының “Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау” ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Акциз АЖ) арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН–кодтары берілгені туралы жазбаша хабарлама – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) темекі өнімдерін Қазақстан Республикасында өндіру саласындағы қызметті немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушыларға ДСН–кодын беру туралы жазбаша хабарлама – көрсетілетін қызметті алушы темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауына ДСН-кодтарын беруге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім:

өндірушілерге – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;

импортаушыларға – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін;

2) қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

3) мұнай өнімінің сәйкес түріне мынадай құжаттардың көшірмелерін:

отынның Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келуі туралы декларацияның және (немесе) сапасы (паспорты) туралы құжаттың – импорттаушы табыс етеді;

сапасы (паспорты) туралы құжат, отынды сынау хаттамасы және (немесе) отынның Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келуі туралы декларацияның – мұнай өнімдерін өндірушілер табыс етеді;

4) Қазақстан Республикасында өндірілген және тауарларды еркін айналымға шығарудың кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына берілетін ДСН-кодын беруге темекі өнімдерінің жаңа таңбаларын сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1 күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

5) қораптағы немесе бумадағы темекі өнімдерінің атауын, бірлік санын және фильтрінің бар-жоғын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын темекі өнімдері таңбаларының тізбесі.

Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттардың берілуі тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауына ДСН-кодтарын беруге және Қазақстан Республикасында өндірілген және тауарларды еркін айналымға шығарудың кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына берілетін ДСН-кодын беруге арналған өтінімді көрсетілетін қызметті алушы электрондық түрде Акциз АЖ арқылы береді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен, құжаттар топтамасын қабылдау күні және уақыты көрсетілген талонды алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорациясының қызметкері құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

“Акциз АЖ” салық төлеуші үшін клиенттік қосымшасы” арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны/қабылданбағаны туралы электрондық растау/хабарлама алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша береді.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.


 

1–қосымша

“Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 

Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін
өндірушілерге, мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге
ДСН-кодын беруге
өтінім

_____________________________________

______________________________бойынша

(облысы/қаласы)

салық органының басшысы _____________

20___ жылғы “__” ____________________

Салық төлеушінің атауы:

Субъектінің ЖСН/БСН-і:

Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):

Мұнай өнімін өндіруші ел:

Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:

 

 

 

Р/с

Мұнай өнімінің түрі (бензин – 1, дизель отыны – 2, мазут – 3, авиаотын – 4) (түсетін тізім) Мұнай өнімінің атауы (егер бұдан бұрын берілмеген жағдайда енгізіледі) Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.) Сапа паспорттың (сынақ хаттамасы) немесе сәйкестік сертификаттың (сәйкестік туралы декларация) көшірмесі
1 2 3 4 5
1
2

 

Басшы _____________________________________ ___________________

(аты-жөні) (қолы)


 

1–қосымша

“Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ
акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

 
(облысы/қаласы)      _________________________________бойынша

Мемлекеттік кірістер органының басшысына

________________________________________

(шаруашылық етуші субъектінің

атауы, ЖСН/БСН-і, орналасқан жері

20___жылғы “__”_________________________

Темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын беруге өтінім

 

р/с

Темекі өнімдерінің таңбасы Темекі өнімдерінің (сигареттер, папиростар, сигаралар немесе сигариллалар) атауы Қораптағы (бумадағы) темекі өнімдерінің бірлік саны, (дана) Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ)
1.
2.

 

Басшы ______________________ _____________

(аты-жөні) (қолы) МО